Жаңалықтар

«Ұлттық болмыс- табысты ел болудың кепілі» тақырыбында қашықтан облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция

Ағымдағы 2020 жылдың 20 қарашасында Қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Семей көп салалы колледжі» мекемесінде Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ұлттық болмыс- табысты ел болудың кепілі» тақырыбында қашықтан облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға 50 – ден астам баяндама ұсынылды.
Конференция сарапшылары: Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің қазақ тілі мен әдебиеті оқу кафедрасының ф.ғ.к., профессоры А.О.Тоқсамбаева, ҚазГЮИУ филология кафедрасының аға оқытушысы Г.О.Мурсалим және тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі А.Б.Байгапанова, қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігің төрағасы Н.А.Сағымбеков ұсынылған баяндамалардан үздік жұмыстарды атап өтті. Конференцияның барлық қатысушылары «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ мен «Семей көп салалы колледжі» мекемесінің диплом және сертификаттарымен марапатталды.