Жаңалықтар

«Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тәуелсіздік онкүндігі

 

Семей көп салалы колледжі» мекемесінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында 04.12-15.12.2020 желтоқсан аралығында тәуелсіздік онкүндігі өтеді.   Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының  бостандыққа  ұмтылған  асқақ  армандары  мен  қайсар  рухының  жемісі.Сондықтан   да  біз  үшін Тәуелсіздік күні  – ең  қастерлі   күн. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 29 жыл толып отыр. «Бұл заман білекке сенетін емес,білімге сенетін заман»-деп Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі заман білімділер мен дарындылардың  заманы.Сондықтан да білім мен  тәрбиесінің нәрін  бойымызға  сіңіріп,еліміздің ертеңі  үшін  аянбай еңбек етуіміз керек. Барлықтарыңызды бізбен бірге онкүндікке қатысуға шақырымыз!!!