Жаңалықтар

“Балаларды тәрбиелеу – отбасы мен колледждің ажырамас бір бөлігі” атты онлайн форматтағы ата-аналар жиналысы

https://youtu.be/o2jyPRRCTcY

12.10.2021 жылы «Семей көп салалы колледжі» мекемесінде сағат 16.30-да онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың тақырыбы: «Балаларды тәрбиелеу – отбасы мен колледждің ажырамас бір бөлігі.
Шақырылған қонақтар және қарастырылған мәселелер:
1. «Семей көп салалы колледжі» мекемесінің директоры Уразбаева Айжан Карловна..
– «Балаларды тәрбиелеу – отбасы мен колледждің ажырамас бір бөлігі.
2. «Семей қалалық наркологиялық диспансерінің» нарколог-дәрігері Абулхасенова Зульфия Рафиковна
– денсаулыққа зиянды заттар және әрекеттер салдары (ішімдік ішу, шылым шегу, электронды шылымдар, кальян және т.б.)
3. Семей қаласының акушер-гинеколог дәрігері Тлемисова Мерейлім Махмуткызы
– ерте жүктілікті алдын алу және оның зардабы
4. Колледж инспекторы, Ауэзов полиция бөлімінің аға инспекторы Сагитова Алтынай Ануарбековна
– жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу;
– компьютерлік ойындардың балалар мен жасөспірімдерге әсері және зияны.
5. «Шығыс Қазақстан облысының психиатриялық диспансері» КМҚК Семей қаласының психиатрия бөлімінің психолог маманы Семаненко Анна Валерьевна
– балалар психасының бұзылу себептері;
– 14-18 жас аралығындағы балалардың мінез-құлықтарының өзгеруі;
– жүйке жүйесінің жұқаруының ағзаға тигізетін зияндары.
6. «Семей көп салалы колледжі» мекемесінің психологы Бакубаева Альмира Акановна
– «Бала тәрбиесіне байыпты қарайық».