Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру: өзіңнің жарқын болашағыңды жасау» тақырыбында арнайы пәндер ПБК-сының онкүндігінің қорытындысы.

Қазан айынын 11 – 22 аралығында  «Рухани жаңғыру: өзіңнің жарқын болашағыңды жасау» тақырыбында арнайы пәндер ПБК-сының онкүндігі өтті. Онкүндіктің  ашылуына   С.К.Исина мен Қ.Б. Мұхаметжанова  «Рухани жаңғыру: өзіңнің жарқын болашағыңды жасау» тақырыбында бейне баян жасады.  Дене шынықтыру пәнінің оқытушылары:  Г.К. Джумаканов ,  А. Ж. Кажигумаров, Е.Е Абишевтың ұйымдастыруымен   «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған колледжішілік  спартакиада»  өтті. Колледж спортшылары тағы бір сынға түсіп күш сынастырып көрді.

Ғ.Қ. Қабылғазин БД-31, ПД-21 топтарында «Отбасы құндылықтары» атты  дөңгелек үстел өткізді,  студенттер  ойларында жүрген сұрақтарын қойып, еркін ой бөлісті.  С.К. Исина «Сағындырған сұлу жыр»  тақырыбында  үйірме мүшелерімен сыныптан тыс сабақ өткізіп, әдебиет сүйер қауымды тамаша қойылыммен  тамсандырды.  Колледж жас оқытушыларының  бірі Қ.Е. Сәкенова  ағылшын тілінен «Things you didn’t know about space» тақырыбында  ашық сабақ өткізіп, қатысушы оқытушылар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды.  Ж.С. Майшекинаның   ұйымдастыруымен  «Негізгі орта білім» мамандығының 4- курс  студенттері 1- курс арасында   «Қызықты қазақ тілі әлемі» атты интеллектуалды сайыс өткізді.  МДТ – 31 тобында мамандыққа шыңдау мақсатында «М.Мантасори  технологиясының ерекшелігі»   атты сыныптан тыс сабақ өтті . Қ.Б.Мұхаметжанова БС – 31тобында  «I know everything» зияткерлік ойын  өткізді .  Топ студенттерінің  ағылшын тілін жақсы меңгергендері  байқалды. Онкүндіктің жабылуы  «Туған жердің кереметтері» атты  фестивальмен аяқталды.  Барлық өткізілген іс- шаралар Диплом, Мақтау қағазы,  Алғыс хаттармен марапатталды.