Жаңалықтар

Республика күніне арналған “Қыран елім – Қазақстаным” атты жалпықазақстандық 1-курстар арасындағы диктант

17 қазанда “Семей жоғары көп салалы колледжі” 

Мекемесінің студенттері Республика күнін мерекелеуге арналған жалпықазақстандық, республикалық диктант жазу акциясына белсенді түрде ат салысты. Студенттердің бойында азаматтық ұстаным мен патриотизмді қалыптастыру, өз елінің жетістіктеріне қатысу сезімі, ұрпақтар сабақтастығына, Тәуелсіздік пен толеранттылыққа негізделген өркендеген мемлекет құру мақсатында өткізілген диктант жазу акциясына 1 курстың 93 студенті қатысты. Диктант жазу акциясы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Барлығы оны қатесіз, сауатты жазуға тырысты. Іс – шараны қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары Ж.С.Майшекина және Г.Б.Сатыбалдиева өткізді.

Қысқаша студенттің пікіріне тоқсалсақ: Республика күнін мерекелеуге арналған жалпықазақстандық, республикалық диктант жазу акциясы біз үшін таңсық қызықты өтті. «О, туған жер, кеңпейіл, құшағың кең, Саған көңіл бұлқынар күш – ағынмен» . –дейді ақын Фариза Оңғарсынова. Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Қазақ жұрты, барлық Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында. Бар әлемді бір дүр сілкіндірген табыстарымыздың ұйытқысы да – осында. Бейбітшілігіміз де, жақсылығымыздың да, махаббатымыздың да – ұясы Қазақстан. Менің елім, туған жерім – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір қазақ баласы асқақ сезіммен, керемет мақтанышпен сан рет айта алары хақ.Осындай аймағы кең, қайнауы қазынаға толы әрі құнарлы жерімізге кімдер көз салмады десеңші?! Олар қазақ жерін басып алу үшін қаншама рет шабуыл жасап, елімізді тыныш қоймады. Бірақ мықты, батыл ата – бабаларымыз сыртқы жаудың қимылын бағып, талай рет тойтарыс беріп отырды. Сол батыр бабаларымыздың арқасында біз байтақ жерде, құт мекенде еркін көсіліп, жайланып жатырмыз. Қасиетті жеріміздің иесі – олардың ұлы ұрпақтары жетіп отырған бостандық туын биікке желбіретіп, ары қарай дамуына өз үлесімізді қосамыз.

 

 

 

17 октября студенты Учреждение «Семейский высший многопрфильный колледж» приняли акивное участие в республиканской акции – общеказахстанском диктанте, посвященном празднованию Дня Республики.

      Диктант проводился преподавателямиказахского языка и литературы Ж.С.Майшекина и Г.Б.Сатыбалдиевой. Приняли участие 93 студентов 1 курса.  Диктант  вызвал большой  интерес у студентов. Каждый старался написать его  без ошибок.

Данный мероприятие проводился   с целью формирования гражданской позиции и патриотизма у студентов, чувства сопричастности  к успехам своей страны, созиданию процветающего государства, основанного на преемственности  поколений, независимости  и толерантности.

Коротко мнение студентов:

«Я родилась и живу в Казахстане. Казахстан – моя Родина, мое Отечество. Земля, где родился человек и вырос, остается в его сердце навсегда. Сколько доброго хочется сказать о своем Казахстане. Моя  Родина – это молодое, но быстро развивающееся государство. С каждым годом развиваются  культура, экономика, города. Как изменился его внешний облик – прекрасная архитектура, обилие культурных центров, мест, где люди могут отдохнуть. В Казахстане единой семьей дружно живут представители более ста национальностей. Казахи, русские, украинцы, татары, узбеки, киргизы и другие народы соединились в единый дружный народ. Не важно, на каком языке ты разговариваешь – важно, что любишь свою Родину и заботишься о ней. Всех нас обьединяет чувство любви и благодарности родной земле. Планета наказ И.Алтынсарина: «Долг каждого из нас – внести посильную лепту на пользу своей Родине».И если есть у человека дар, талант, ум, он непременно употребит их во славу своей Отчизны»