БС- 13 топ жетекшісі Шымбай Қ.Қ ой талқы бағдарламасы «Студентік өмірдің алғашқы баспалдағы» бойынша ашық топ күнін өткізді. Колледжімізде тәрбие үрдісін арттыруда бірнеше іс-шаралар жоспарланып іске асырылып жатты.
1жарты жылдық бойынша топ жетекшілері ашық тәрбие сағаттарын өткізді.
04.10.19 ж күні Шымбай Қ.Қ БС-13 тобында «Ұстаз ұлы тұлға» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргізді.
08.10.19 ж күні Мауытқазы А.М ПР-22 тобында «Подросток и закон «тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргізді.
15.11.19 ж күні Успанова Ж.М ПД-32 тобында «Тенге- символ Казакстана» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргізді.
09.12.19 ж күні Уйсіпова Н.Қ ҚТӘ-21 тобында «Тәуелсіздік- тұғырым!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргізді
Бірінші президент күніне Наурзбаева Ж.М., Танбаева Н.С. ҚТӘ41, ҚТӘ21, МДТ41, МДТ31, БС11, БС13, ДШ41,43 топтары арасында «Елбасымен бірге –жастар жылында жаңа жетістіктерге» атты тақырыпта Тұңғыш Президент оқуларын өткізді. Аталған іс-шарада Президент туралы қызықты мәліметтер беріліп, ҚР Президенті туралы белгілі саяси қайраткерлердің пікірлері, сондай-ақ әдеби-музыкалық композиция айтылды.
Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында 02.12-13.12.2019 – желтоқсан аралығында Тәуелсіздік онкүндігі ұйымдастырылды, оның шеңберінде 11 іс шара өткізілді.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес жоспарланған іс – шаралар өткізілді: 1-4 курс студенттері үшін "денсаулық фестивалі-2019" (156 студент қамтылды), колледжішілік жеңіл атлетикалық кросс "Алтын күз – 2019", 1-4 курс студенттері (56 студент қамтылды), үстел теннисінен колледж біріншілігі (22 студент қамтылды), Көңілді эстафеталар (24 студент қамтылды), дойбы бойынша колледж біріншілігі (29 студент қамтылды). Колледж спортшылары қалалық жарыстарға қатысып, келесі орындарға ие болды:
• "Ұлт денсаулығы" атты қалалық жеңілатлетикалық кросқа біздің колледждің үздік жеңілатлеттері қатысты.
Қыздар арасында: Мунарбекова Алина (ИЯ-42 тобы), Мукатаева Маржан (БД-31 тобы), Старикова Екатерина (ДШ-21 тобы), Даирбекова Анеля (БС-21 тобы), Ахметкали Айзат (БШ-21 тобы), Кабдоллаева Перизат (БС-21 тобы).
Ұлдар арасында: Муфтиев Қуаныш (ДШ-43 тобы), Рахымбек Болатбек (ДШ-31 тобы),Мәдениетов Асұлан(ДШ-31 тобы), Женесқазиев Бекзат (ДШ-31 тобы),Дәукенов Әділ (ДШ-43 тобы), қыздар командасы 500 метр қашықтықта 3 орынға ие болды, ұлдар командасы 1000 метр қашықтықта 8 орынға ие болды, Старикова Екатерина (ДШ-21 тобы) жеке біріншілікте 500 метр қашықтықта 3 орынға ие болды.
Жауапты оқытушы: Мачахина М.Н.
• қалалық жеңіл атлетикалық кросс қала колледждері арасында қатысып, 2 команда қатысты. Қыздар командасы: Мунарбекова Алина (ИЯ-42 тобы), Мукатаева Маржан (БД-31 тобы), Старикова Екатерина (ДШ-21 тобы), Даирбекова Анеля (БС-21 тобы), Ахметкали Айзат (БШ-21 тобы), Кабдоллаева Перизат (БС-21 тобы).
Ұлдар командасы: Муфтиев Қуаныш (ДШ-43 тобы), Рахымбек Болатбек (ДШ-31 тобы), Мәдениетов Асұлан (ДШ-41 тобы), Дәукенов Әділ (ДШ-43 тобы), Химадиев Ерсін (ДШ-43 тобы), қыздар командасы 2 орын, Ұлдар командасы 7 орын алды. Екатерина Старикова (ДШ-21 тобы) жеке сынақта 2 орын алды.
Жауапты оқытушы: Мачахина М.Н.
• Волейболдан өткен XVI дәстүрлі ашық турнирге: Мусин Наурызбек (ДШ-43 тобы), Тусупбеков Ислам (ДШ-43 тобы), Кумаргазинов Тимур (ДШ-41 тобы), Амангельдыев Ерасыл (ДШ-31 тобы), Нұрахметов Медғат (ДШ-21 тобы), Танирбергенов Ерлан (ДШ-21 тобы), Мұратбеков Азамат (ДШ-21 тобы), Даукенов Адиль (ДШ-43 тобы) қатысты, онда 5 жалпыкомандалық орынға ие болды. Және Шалбай ауылдық окурігінде 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған ерлер арасында волейболдан аймақтық турнирде ДШ-31,43 топ студенттері Мусин Наурызбек, Амангельдиев Ерасыл, Мұратбеков Азамат колледж атынан шығып І орын иеленді.
Жауапты оқытушы: Джумаканов Г.К.
қала колледждері арасында үстел теннисі бойынша біріншілікке Муфтиев Қуаныш (ДШ-43 тобы), Кумаргазинов Тимур (ДШ-31 тобы), Амангельдыев Ерасыл (ДШ-31 тобы) қатысып, жалпы командалық 8 орынға ие болды.
Жауапты оқытушы: Джумаканов Г. К.
Волейболдан колледждер мен ЖОО оқытушылары арасындағы 3 қалалық спартакиадаға Какенов Д. С. қатысты, Джумаканов Г. К. Ордабаев Н.Г., Байболов с. м., Рыспаев, Е. С., Наурызбаева М., Салихова А. Б. қатысып, 7-ші орынды иеленді.
Жауапты оқытушы: Джумаканов Г. К.
Колледж және ЖОО оқытушылары арасындағы 3 қалалық спартакиадаға, футбол бойынша Д. С. Какенов қатысты, Джумаканов Г. К., Ордабаев Н. Г., Байболов Ж. Ж., Рыспаев Е. С. 4 жалпыкомандалық орынға ие болды.
Жауапты оқытушы: Ордабаев Н. Г.
қала колледждері арасындағы футболдан біріншілікке Муфтиев Қуаныш (ДШ-43 тобы), Химадиев Ерсын (ДШ-43 тобы), Ибатоллаев Бекмуханбет (ДШ-43 тобы), Түсіпбеков Ислам (ДШ-43 тобы), Нурахметов Медгат (ДШ-21 тобы), Дәукенов Әділ (ДШ-43 тобы) қатысып, 9 жалпы командалық орынға ие болды.
Жауапты оқытушы: Ордабаев Н. Г.
• "Қазақ күресінен" Колледж барысы "қалалық байқауына Жұмашев Мағжан (ДШ-41 тобы), Қарлыбаев Айдос (БС-11 тобы) қатысып, Жумашев Мағжан 3 орынға ие болды.
Жауапты оқытушы: Ордабаев Н. Г.
Сондай-ақ, Екібастұз қаласында өткен «Қазақ күресінен» 2004-2005ж.т. жасөспірімдер арасында Батыр Баянды еске алуға арналған Республикалық турнирінде БС-11 тобы студенті Қарлыбаев Айдос және Жастар жылына арналған дзюдо күресінен қала Чемпионатында 73 кг салмақта ІІІ орындар иеленді.
Аягөз қаласында өткен 2002-2003 жылдары туылған жастар арасында қазақ күресінен «Жас Барыс» Республикалық турнирына 55 кг салмақта ДШ-21 тобы студенті Қайырбеков Заңғар І орын алса, БС-11 тобы студенті 75 кг салмақта Қарлыбаев Айдос ІІ орын иеленді.
Футбол (30 студент), волейбол (35 студент), баскетбол (32 студент), үстел теннисі (25 студент), жеңіл атлетика (27 студент), тоғызқұмалақ (15 студент)бойынша спорттық секциялар жұмысы ұйымдастырылды.
Бірінші бағыт бойынша: «Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие»
Бүгінде әлемде болып жатқан төтенше жағдайға байланыста әлемдік білім кеңістігінің шарттары бойынша колледжіміз қашықтықтан оқыту технологиясына көшті.
Осы тарапта қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша тәрбие жұмыстары онлайн түрінде жүргізілді:
Тарих пәндері оқытушыларының ұйымдастырумен Ұлы жеңістің 75 жылдығына "Жүріп өткен ізінен от өрлеген" атты патриоттық әндердерден онлайн конурсы және «Ер ерлігі-ел есінде» бізге жарқын болашақ силаған ардагерлереге ұрпақтарының онлайн презентациясы.«Ұлы Ерлікке тағзым» тақырыбында студенттердің шығармашылық арнауы, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Е.М.Камзаевтың ұйымдастырумен «Ер есімі-ел есінде» онлайн презентацияс, «Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат» атты А.Т. Жакинаның ұйыдастыруымен виртуалды кітап көрмесі өтті.
Сонымен қатар 1-мамыр Бірлік күнінің қарсаңында БС-13,БС-11, ҚТӘ-41,ПД-22 топтарының қатысуымен құттықтау іс-шаралары өткізілді. 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне байланысты ПД-22, БС-13, ҚТӘ-41 топтарының қатысуымен салттанатты құттықтау шаралары ұйымдастырылды. 31 мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған «Ел алдындағы тіректі, Ауыртатын жүректі, Ұмытпаймыз мәңгілік, Қара басқан түнекті» тақырыбында Д.Е. Мақсен, Ш.С.Смагуловалардың ұйымдастыруымен онлайн презентация көрсетілді.
Азаматтық, құқықтық тәрбие саласында «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында Мақсен Д.Е. жетекшілігімен топтар арасында онлайн форматта «Адалды сағаты» болып өтті.
4 маусым ҚР мемлекеттік Рәміздер күніне арнап БС13,11, ПР-22 топтар арасында онлайн презентация өтті.
13.02.2020 күні. Колледжіміздің студенттерінен құралған "Үміт" еріктілер клубы қаламыздағы Аналар үйіне барып қайтты. Аналарға көмектерін көрсетіп, сабилердің көңілдерін аулап қайтты. Сондай-ақ "Үміт" еріктілер клубы "Біз біргеміз" атты челленджды қолдап қаламыздың тұрғыны, зейнеткер жалғыз басты Мырзабеков Төлеутай атамыздың ауласының қарын тазалап өз көмектерін көрсетті.
Колледжіміздің студенттері еріктілер қатарында болғандықтан ҚМБД-ның Семей өңірі зекет қорының қолдауымен COVID-19 індеті таралып, қаламыздың каратинге жабылуына байланысты ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ атты қайырымдылық керуені ұйымдастырылған бұл іс-шарада "Семей көп салалы колледжі" мекемесінің исламтану мамандығының студенттері ат салысып, белсенділік танытты.
Экстремизмге және терроризмге қарсы күрес бойынша топтар инстаграмм парақшасында «Діни фанатизм және оның психологиялық денсаулығы үшін қауіптілігі»- Светлана Новикова, «Уақытынды бос өткізбе»-Жүнісбек Айдын, Өмірханов Мақсат., «Законодательство РК в сфере религии» тақырыптарында өткен тікелей эфирларға шығып отырды.
«Рухани-адамгершілік тәрбие» және «Ұлттық тәрбие» бағыттары бойынша:
Колледждің тәрбиелік интелектуалды қозғалысын кеңейту және тұлғаны рухани дамыту мақсатында: Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына орай қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы С.К. Исинаның ұйымдастыруымен Құлақтан кіріп бойды алар...» Абай өлеңдері мен күйлерінің зерттелуі мен таралуы тұрғысында онлайн іс-шара өтті.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына орай қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары М.Д. Шауерова, С.К. Исина ұйымдастырумен " Қазақ руханиятының шыңы" Абай шығармаларын мәнерлеп оқу онлайн конкурсы өтті.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы С.К. Исинаның ұйымдастыруымен "Ұлы дананы туған, Ұлы дала тарихы" тақырыбында Абай еліне (Жидебай мекеніне) виртуалды саяхат өткізілді.
Тарих пәндері оқытушыларының ұйымдастырумен «Алтын Ордага 750 жыл» тақырыбында колледж студенттері арасында онлайн эссе байқауы өтті. Байқауға қатысқан барлық топ студенттерінің жұмыстар қаралып, үздік жұмыстар анықталды. Олар:ҚТӘ- 21 топ студенттері Карпыкова Ж, Шабаз А, Серікқазиева Н, МДТ-31 топ студенттеры Саматкызы Н, Бөкейханова М, Гайсаева Б. Оқу орынының студенттері барлығы да, Ұлы дала төсінде үш ғасырдан астам салтанат құрған Жошы ұлысының тарихына қатысты орын алған бірқатар маңызды оқиғалармен тарихи ескерткіштері туралы жазған.
«Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие», «Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениет» тәрбие бағыттары бойынша
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес қашықтықтан оқыту кезеңіндегі өткізілген іс-шаралар БС-41 тобы және кураторы Ж.М. Наурзбаеваның ұйымдастырумен «Біз біргеміз» флешмобы өткізілді. ҚТӘ-21, БС-21, БС-13, МДТ-41, МДТ-31 топтары арасында «Біз біргеміз», «Біз үйдеміз!» тақырыбында топтар арасында онлайн челлендж өткізілді.
Фотогалерея




































