2018 жылдың 30 наурызында қалалық жастар маслихаты депутаттарының ұйымдастыруымен «Алтын жұлдыз» жас таланттар байқауы өтті. Бұл байқауға қаламыздың колледж және жоғарғы оқу орындарынан 23 қатысушылар тіркелді. Семей көп салалы колледжінің 2 курс студенті Қисаева Балнұр осы байқауға өзінің вокалдық жәіне драмалық номерлерін ұсынды. Байқаудың «Ән орындау» атты бірінші кезеңіне Балнұр «Самға» әнін дайындаса, «Өз өнері» тақырыбындағы екінші кезеңіне «Мұңлық-Зарлық» қазақ халық эпосынан драмалық көріністі ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша Балнұр «Үздік өнерпаз» Дипломымен марапатталды. Балнұрды құттықтай отырып, шығармашылық шыңдарға жетуіне тілектеспіз!

«Алтын жұлдыз»
- Post author:SMKCollege
- Post published:02.04.2018
- Post category:Жаңалықтар