You are currently viewing “Қазақстан халқының Бірлігі күніне” орай мерекелік концерт ұйымдастырылды!

“Қазақстан халқының Бірлігі күніне” орай мерекелік концерт ұйымдастырылды!

Сәуірдің 28 жұлдызында колледж студенттері және «Семей қаласының саңырау-мылқау адамдарына арналған клуб» мүшелері бірлесіп, Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты: Колледж студенттеріне «Семей қаласының саңырау – мылқау азаматтарына арналған клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны туралы ақпарат беру, шығармашылықтарымен таныстырып, тығыз қарым-қатынаста болуына жағдай жасау.

Концерттің барысында жас өнерпаздарымыз елімізде тату-тәтті күн кешіп жатқан әр-түрлі халықтардың әндерін шырқап, билерін көрермендердің назарына ұсынды.

«Жүзі басқа болса да – жүрегі бір, тілі басқа болса да – тілегі бір! Біз бірдей емеспіз, бірақ барлығымыз дарынды, мейірімді де ашық жүректіміз!» Мейірімді болуға асығайық!

Осындай ұранмен бастау алған ізгілікті іс-шара Елордамыз Астананың 20 жылдығы аясында «20 қайырымдылық шаралар» акциясын толықтыра түскенін айтқымыз келеді!