You are currently viewing Колледжіміздің студенттері «Естелік Вахтасы» акциясына қатысты!!!

Колледжіміздің студенттері «Естелік Вахтасы» акциясына қатысты!!!

Мамырдың 6 жұлдызында колледж студенттері Жеңіс аланыңдағы Мәнгілік алау алдында жыл сайын  ұйымдастырылатын «Естелік Вахтасы» акциясына қатысты.

«Естелік вахтасы» акциясын өткізу дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Рәсім ҰОС жылдарындағы Отан қорғаушылардың ерліктеріне құрмет пен алғысты білдіреді.

Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Сол себепті Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!
Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз!
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!!!