You are currently viewing Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні!

Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні!

31 мамыр 1997 жылдан бастап елімізде ашаршылық пен саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып аталып өтіледі. Бұл зұлмат жылдары солақай саясаттың құрбаны болған миллиондаған қандастарымызды еске алып, бүгінгі біздерге ой салатын қасіретті де қасиетті күн. Еске алу рәсімін «Семей көп салалы колледж» мекемесінің студенттері де «Өшпес рух» іс-шарасының аясында тарих тармақтарына тереңінен бойлау арқылы замана көрінісін арқау еткен өлеңдер, мұрағаттық кинокадрлар, инсценировка дайындап тарихымыздың тұнығын ашып, бүгініміздің бал дәмін татырды.