You are currently viewing 20-шы маусым қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастамақ!

20-шы маусым қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастамақ!

 

Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінде 18 жылдан астам тарихы мен тәжірибесі бар, отандық педагогикалық білім мен ғылымның көшбасшысы болуды мақсат тұтқан, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын оқу орындарының бірі – Семей көп салалы колледжінің Қабылдау комиссиясы шілде айының 20-шы жұлдызынан өз жұмысын бастап, талапкерлерге есігін айқара ашатынын хабарлағымыз келеді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында жыл бойына қала және облыс мектептері толықтай қамтылып,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Енді, нәтижені білу мақсатында құрылған комиссия мүшелері колледжге келуші әрбір талапкерге, кез-келген педагогикалық білім ордасында білім алғысы келген үміткерге өзін толғандырған, өзіне қажетті барлық мәліметтерді беруге әзір.