You are currently viewing “ДЕНСАУЛЫҚ МЕРЕКЕСІ-2018”

“ДЕНСАУЛЫҚ МЕРЕКЕСІ-2018”

        Қыркүйек айының 7-ші жұлдызында Семей көп салалы колледжінің спорттық алаңында “Спорт-ұлттың денсаулығы” атты ұранмен, “ДЕНСАУЛЫҚ МЕРЕКЕСІ-2018” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара болып өтті!
Аталған іс-шара мерекелік лездемеде ҚР әнұранымен ресми түрде ашылды. Колледж басшылығы және ұйымдастыру алқасы “ДЕНСАУЛЫҚ МЕРЕКЕСІ-2018” фестиваліне алғаш қатысушы студенттерге жаңа оқу жылымен құттықтап, өздерінің ыстық лебіздерімен қатар іс-шарада сәттілік тіледі.
Одан әрі акцияға қатысушылар дайындаған тақырыптық ұрандар,
1-3 курс студенттеріне (қыз балалар) арналған “КӨҢІЛДІ СӨРЕ” спорттық эстафетасы және 1-4 курс студенттеріне (ер балалар) арналған мини-футболдан ұйымдастырылған сайыстар, командалардың біркелкі киімі сайыстың жоғары дәрежеде өтуіне ықпалын тигізді!
Барша жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!
Спортты серік етіңіздер!!!