You are currently viewing «Семей көпсалалы колледжі» мекемесінің қызметкерлері Елбасы Жолдауын талқылады!

«Семей көпсалалы колледжі» мекемесінің қызметкерлері Елбасы Жолдауын талқылады!

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын колледж ұстаздарымен талқылау жиыны 08.10.2018 күні өткізілді.
Негізгі баяндамаларды колледжіміздің тарих және құқықтану пәндерінің оқытушылары оқыды. Сондай-ақ, жиында «Семей көпсалалы колледжі» мекемесінің директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Д.Қонаев атындағы орден, Шәкәрім медалінің иегері Қабылғазинова  Алия Қабылғазықызы:
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын біз жыл сайын асыға күтеміз. Ол елдің, экономика мен әлеуметтік саланы, соның ішінде білім мен ғылымды дамытудың стратегиялық бағытын айқындаудағы маңызды механизм боп табылады», – деп атап өтті.
Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы маңызды тарихи құжат. Ол біздің болашағымыз, мемлекетіміздің жарқын болашағы. Әрбір педагог мамандар Жолдауды қолдай отырып, оны жүзеге асыруға өз еңбегімен, өз қызметімен өз үлесін қосатындарына үлкен сенім білдірді.