You are currently viewing Студенттер Семей қаласының Әділет басқармасының маманы Муратбеков Аслан Ерланұлымен кездесті.

Студенттер Семей қаласының Әділет басқармасының маманы Муратбеков Аслан Ерланұлымен кездесті.

Қазан айының 12 жұлдызында Семей көп салалы колледжінің студенттері оның ішінде “Құқықтану” және “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығының студенттері Семей қаласының Әділет басқармасының маманы Муратбеков Аслан Ерланұлымен кездесті. Кездесу барысында Аслан Ерланұлы колледж студенттеріне қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі “Сыбайлас жемқорлық туралы”, оның қоғамға қаншалықты қауіпті екенін, сыбайлас жемқорлық орын алғанда қандай жаза қолданылатыны туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болатыны туралы, тағылымдамадан қалай өтуге болатыны жайлы ақпараттар берді. Студенттер Аслан Ерланұлына қозғалған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, қойылған сұрақтарға толық жауап ала алды.