You are currently viewing Семей көп салалы колледжінде мектеп оқушылары арасында «Who is faster» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

Семей көп салалы колледжінде мектеп оқушылары арасында «Who is faster» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

2018 жылдың 16-қаңтарында Семей көпсалалы колледжінде «Who is faster» атты интеллектуалды ойын-сайыс мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды. Сайысты ұйымдастырушысы шетел тілі пәнінің оқытушысы Сармурзина С.К.Сайысқа 3 команда ойыншылары (№21, №22, №35 мектептер) қатысты. Сайыс оқушылардың ағылшын тілінде өзіндік пікірін еркін жеткізуге, ойын жүйелі, сөз байлығы мен тапқырлықтарын дамыту, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа әр мектептен 5 оқушы қатысып, өз қабілеттерін сынап көрді. Ойын 5 түрлі бөлімнен өтті. Бұл сайыста №22 жалпы орта білім беретін мектеп – лицейі I – орынға, №35 жалпы орта білім беретін мектеп II – орынға, №21 Жалпы орта білім беретін мектеп III – орынға ие болды. Әр қатысушы оқушылар сертификатпен, ал жетекші мұғалімдері алғыс хатпен марапатталды.