Құттықтаймыз!!!

 

Ағыбаев АйбекКолледжімізде “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығының 4 курс студенті Ағыбаев Айбек Алматы қаласында самбода жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатынан жүлделі 2 орын және Темірхан Досмұхаметтің құрметіне өткізілген самбодан Халықаралық турнирде 2 орынды қанжығалады. Жеңімпазымыздың жауырыны жерге тимеген балуан болуына, көк туымызды биіктерден желбіретіп, толағай жетістіктерге жетуіне тілектеспіз! Мақтанышымыз Айбекке отбасының амандығын,спортта телегей табыс, зор денсаулық тілейміз!