You are currently viewing Студенттер қатарына қабылдау кеші

Студенттер қатарына қабылдау кеші

17.10.2019ж Абай театрында колледжіміздің ұйымдастыруымен студенттер қатарына қабылдау кеші өтті.Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген жас ұландар бүгіннен бастап өмір кітабінің “студенттік кезең” атты ақ парақтарында безендіретін болады. Кеш тақырыбы “СМК-ның жаңа жұлдыздары” атты тақырыпта өтті.Кеш шымылдығын жастарға арналған “Жастар -2019” бейнеролигымен және қазақ батырлары биімен ашылды. Студенттерімізді өзінің ізгі ниетімен, құттықтау сөзімен Ұстаздардың ұстазы , Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері,Дінмүхамед Қонаев атныдағы орден, Шәкәрім атындағы медаль иегері, ҚР -ның білім беру ісінің үздігі, Колледж директоры Қабылғазинова Алия Қабылғазықызына құттықтады. Әрі қарай кеш, талантты да дарынды студенттеріміздің дайындаған өнерлерімен өз жалғасын тапты.Салтанатты кешіміздің дәстүріне сәйкес колледжіміздің бітіруші үздік студенттері СМК туын және білім кілтін 1 курс студенттеріне табыстады.Студент атанған бақытты жастар “алғашқы студент вальсін” жас ұстаздармен билеу мәртебесіне не болып, кеш соңында жиналған көпшілік студент жастар ұйымдастырған әуезді кештің куәгері болды.