You are currently viewing Тұңғыш президент күні

Тұңғыш президент күні

28.11.2019ж. Семей көп салалы колледжінде Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған « Елбасымен жастар жылында жаңа жетістіктерге» атты Елбасы оқулары болып өтті.Мақсат – еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өнегелі өмірі, қайраткерлік тұлғасы, шығармашылық еңбектерін жастардың арасында кеңінен насихаттау.
Елбасын үлгі ете отырып, отансүйгіштік, патриоттық іскерлік пен, ізденімпаздылық қасиеттерін қалыптастыру көзделген. Үш кезеңнен тұратын Елбасы оқуларына қатысушыларға Елбасы еңбектерінен үзінді жатқа оқу, әр жылдардағы жолдаулар бойынша сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ, арнау, эссе жазу шарттары қойылды. Сол арқылы студенттердің тапқырлығымен ой-өрісінің кеңдігі сыналды. Байқауға қатысқан студенттер Данабекова Айнара БС-11, Жұмашев мағжан ДШ-41, Даукенов Аділ ДШ-43, Березинова Балғын ҚТӘ -41, Айтказина Сая МДТ -41
Ерболатқызы балнұр БС-13. Бірінші орын иеленген Қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 4 курс студенті Березинова Балғын,екінші орын Айтқазина Сая МДТ-41, үшінші орын иегері Жұмашев Мағжан ДШ-41. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және мадақтамалармен марапатталды.