Семей көп салалы колледжі» мекемесінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың» тақырыбында 04.12-15.12.2020 желтоқсан аралығында тәуелсіздік онкүндігі өтеді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 29 жыл толып отыр. «Бұл заман білекке сенетін емес,білімге сенетін заман»-деп Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі заман білімділер мен дарындылардың заманы.Сондықтан да білім мен тәрбиесінің нәрін бойымызға сіңіріп,еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Барлықтарыңызды бізбен бірге онкүндікке қатысуға шақырымыз!!!