You are currently viewing Дана да дара Елбасы

Дана да дара Елбасы

Дана да дара Елбасы
✅26 Қараша 2021 жылы «Семей көп салалы колледжінде» карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып, 10 күндіктің ашылу салтанаты өтті.
Тұнғыш Президент күніне арналған бұл іс – шара колледжге студенттік парламент ұйымдастыруымен айтарлықтай жоғары дәрежеде өтті. Студенттерге Нұрсұлтан Назарбаевтың ел үшін атқарған ерең еңбегінің құрметіне орай бекітілген мерекенің маңыздылығы мен ерекшелігі аталып көрсетілді. Ұлт Көшбасшысының мерекесіне орай өткен іс шарада талантты студенттер өз өнерлігін киелі сахнада паш етті. Ән шырқалып, би биленді, Елбасына арнау оқылды.
Елдің елдігін көрсетіп, ерлігін танатқан Тұңғыш Президентіміз туралы студенттерге түрлі сұрақтар қойылып, студенттер білімдерін көрсете білді. Он күндік аясында студенттер елді өркениетке бастаған кемел басшының ел үшін атқарған келелі істерін үлгі етіп, ел тарихын жетік меңгере түседі…