Мемлекет басшысы 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Референдум – саяси реформаларды жүзеге асыру бағытындағы басты құжат.
Алдағы уақытта Жаңа Қазақстанның жаңа ережелері бекітіледі. Мұның барлығы Ата Заңымыздан басталады. Нәтижесінде, Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізу арқылы алдағы уақытта 20-дан астам заң жаңаша редакцияланатын болады. Сол арқылы еліміздегі саяси жүйе мен саяси басқарудың қайта құрылуы жүзеге асады.
5-маусым күні әр кәмелет жасқа толған қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамыз!!!