Жаңалықтар

«Тәуелсіздік: Мәңгілік Елдің берік тұғыры” тақырыбында қашықтан өткен облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция

Тәуелсіздіктің – 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік: Мәңгілік Елдің берік тұғыры” тақырыбында қашықтан өткен облыстық ғылыми – тәжірибелік конференцияның нәтижесі
Ағымдағы 2021 жылдың 24 қарашасында Қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Семей көп салалы колледжі» мекемесінде Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында Тәуелсіздіктің – 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік: Мәңгілік Елдің берік тұғыры» тақырыбында қашықтықтан ZOOM платформасында облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
Конференция мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен таныстырып, тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін маңыздылығын, берген жетістіктері және осы үдерісте кезіккен қиындықтар мен қысқаша тарихына тоқталып еске алу,ұлттық сезім, ұлттық сана, ұлттық парызды дарыту, қоғамға назарын кеңінен аударту болып табылады.
Конференцияға 60 – тан астам баяндама ұсынылды.
Конференция сарапшылары мен орындары:
«Мәңгілік-Ел»- Тәуелсіз Қазақстанныңұлт мұраты, мәңгілік жолы» тақырыбындағы бағыты бойынша секция төрайымы: Ибраимова Майра Сансызбаевна, Семей медицина университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты
1- орын Сансызбаева Мөлдір – «Семей медициналық колледжі» мекемесі Жетекшісі: Аманова Жұлдыз Қыдыргазыновна
2 – орын Нұролла Дина – «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Жетекшісі: Куспанова Лаура Узакбаевна
3- орын Шумская Александра – Учреждения «Высший колледж имени К.Нургалиева» г. Усть –Каменогорск Жетекшісі: Деньгина Людмила Станиславовна