Студенттік парламент

 

          Орта кәсіптік білім беру оқу орны – көптеген ішкі және сыртқы байланыстарды біріктіретін күрделі құрылым. Осы құрылымда жастармен жұмысқа қандайорын беріледі, колледж жағдайында тұлғаның қалыптасуына, дамуына қандай мүмкіндіктер жасауға болады? Осыған орай тәрбие жұмысының мақсаты айқындалады, яғни жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл ойы, талап-тілегі, қажеттілігі бар субъект ретінде қарап, оның табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолдана отырып коммуникативті, толерантты жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашу.

           Осыған орай мемлекетіміздің жастар саясатын негізге ала отырып құрылған Студенттердің өзін-өзі басқару құрылымы – Студенттер Парламенті колледж жастарының жоғарғы органы болып
табылады.

           Қоғамымыздың алға басуы жастарды білім мен тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, бәсекелестік жағдайында іскерлікке үйретуге байланысты болғандықтан колледж студенттерінің өзін-өзі басқару мәселесіне ерекше көңіл аударуы қажет. Семей көп салалы колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитеті жұмысының белсенділігімен жастарға арналған қоғамдық ұйымдар, студенттердің өзін-өзі басқару құрылымы – Студенттер Парламенті оқу, ойын – сауық, ғылым, тәрбие бағыттарында студенттермен іс-шаралар өткізеді.

Бұл жұмыстар, негізінен, мынадай бағыттарда жүргізіледі:

• Патриоттық және интернационалдық;
• Қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие;
• Рухани -этикалық тәрбие;
• Эстетикалық тәрбие;
• Еңбек тәрбиесі;
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Парламенттің мақсаты:

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, заңды сауатты, жауапты, өз жұмысын жақсы білетін, бар жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті, басқарушылық қабілеті қалыптасқан, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық білікті маман,я еліміздің нағыз патриоттарын дайындау жолында жұмыс жүргізу.

Парламенттің міндеттері:

– студенттерді тәрбиелеудің әлеуметтік маңыздылығы мен келешегі бар екендігін
қоғамның түсінуіне көмектесу;
– студенттердің рухани, интеллектуалды өмірі, өзінің денсаулығы мен жарқын өмірі үшін
әлеуметтік құзіреттілігі мен жауапкершілігін арттыруды ұйымдастыру жағдайын жасау;
– студенттердің қоршаған ортаға, қоғамға және табиғатқа деген позитивті көзқарасын
қалыптастыруға көмектесетін әлеуметтік-педогогикалық жағдай жасау;
– тұлғаның кәсіби және жан-жақты қалыптасуы үшін жағдай жасау, өз білімін өмір бойы
жетілдіруге деген қажеттілігін қалыптастыру;
– колледж аясында және колледждан тыс іс – шараларды ұйымдастыру;
– Кез – келген іс – шараға белсенді ат салысу;

            Аталмыш талаптар студенттерді тәрбиелеудің қазіргі заманғы әлеуметтік тапсырысын көрсетеді, осы тұжырымдама үшін негіз болып табылады және қағидалары мен басым бағыттарын анықтайды.

Студенттерді тәрбиелеудің тиімді факторы – студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі

           Жастардың студенттік өзін-өзі басқаруға қатысуы олардың бойында дербес, белсенді, жауапкершілік, бастамашыл сынды қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
           Студент үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, қоғамдық жұмыстарға ат салысу, студенттердің ғылыми және басқа да бастамаларын қолдау мен
дамытудағы көмек.
           Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту үнемі әлеуметтік жауапты аймақты кеңейтуді,орта кәсіптік оқу орны жастарының өз бетімен демократиялық өзара әрекеттесуін көздейді,
студенттердің ғылыми қоғамы арнасында студенттердің бастамаларын қолдау және дамыту,студенттер өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге қатысады.

Оқу орнындағы өзін-өзі басқаруды жетілдіру
үшін қажетті жағдайлар:

– студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру үшін тәжірибелік маңызы бар
жобаларды жасауға кафедра оқытушылары мен ғылыми бөлімше қызметкерлерінің бағыты;
– студенттерді тәрбиелеу мәселесі бойынша директордың қатысуымен жиналыс
ұйымдастыру;
– кәсіптік орта білім беру оқу орнындағы студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің
жағдайы мен нәтижесін бағалау критериилерін құрастыру;
– студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі бойынша маңызды сұрақтарды талқылау үшін оқу
орнында, бөлімдер мен цәк-да конференциялар, дөңгелек үстелдер, әдіснамалық семинарлар
өткізу.
СМК студенттерінің өзін-өзі басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру төмендегілерді
қамтамасыз етуі тиіс:
– белгілі бір ортадағы тәрбиенің негізін, бастапқы басым бағытын сезе отырып, қоғамдағы
белгілі бір мәртебесін бекітуді;
– кәсіптік орта білім беру оқу орнының білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде
тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын;
– жастар тәрбиесінің жоғары деңгейін;
– салауатты өмір салтын қалыпты жағдай ретінде бекітуді;
– жоғары дәрежедегі рухани және өнегелі қоғам құруды;
– Студенттер парламентінің жалпы нұсқасын ұсынуды.

               Студенттер Парламенті – оқу орнындағы басталған жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар және жаңа идеяларды жүзеге асыратын, олармен жүргізілетін саясаттың, Жастар ісі жөніндегі комитеттің көмегімен тағайындалатын негізгі атқарушы ұйым. Студенттердің қазіргі жағдайдағы негізгі міндеттері студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін алып жүру.
               Бүгінгі таңда студенттің өзін-өзі басқаруы колледж студенттерінің атынан үлкен қолдауға ие болуда. Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы мүшелері сайланды, оның ішінде колледж
Президент, Премьер – министірі, бөлім жетекшілері және олардың орынбасарлары, студенттер кеңесі студент жастармен оқу, ғылыми-зерттеу және мәдени сфераларында жұмыстарды
ұйымдастырып, өткізуді басты мақсат етіп қояды.
               Басқару ұғымының мәнін ашып түсіндіру үшін оны келесі соған туыс ұғым – өзін-өзі басқарумен салыстыру керек. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі колледждің оқу-тәрбие
және қоғамдық өмірінде маңызы үлкен. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі бөлімдердің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда, бақылауда анағұрлым белсенді және бастамашыл болып келеді. Бұл жағдайда ол қоғамның немесе ұжымның өзінің өкілеттілігіне сүйенеді. Әдетте студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің құрамы ең алдымен басқарушылықпен емес, кәсіби білім алу іс-әрекетімен айналысады.

СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ 2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ