«Семей көп салалы колледжі» мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 31 мамыр № 528-бұйрығы бойынша «Семей құқық, экономика және білім колледжі» атауымен құрылды. 2003 жылы «Семей көп салалы колледжі» болып өзгертілді. Мемлекеттік лицензия серия АБ № 0067088, берілген уақыты 2009 жылдың 2-ақпаны.
Колледжде 10 мамандық бойынша бәсекеге қабілетті, бүгінгі қоғам мен еңбек ететін ортаның мақсаты мен құндылықтарына сай білімі жетік, дағдысы қалыптасқан кәсіби мамандар даярлайды. Колледж аймақтық еңбек нарығын ескере отыра талапкерлердің мамандық таңдау мүмкіндіктері мен заманымызға сай білім беру қызметінің аясын кеңейтіп, үнемі даму және жетілу үстінде.
Колледжде 2005 жылдан бері ҚР Білім беру ісінің үздігі, өз ісінің шебері, колледждің негізі қаланған күннен еңбек сіңіріп келе жатқан ұлағатты ұстаз Кабылгазинова Алия Кабылгазиновна директор қызметін атқарады.
«Семей көп салалы колледжі» мекемесі жас өренге өз есігін аша отыра, өсіп келе жатқан буынның аңсаған биіктерін бағындырып, армандарына қол жеткізуге, өзін тануға, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуде. Білім ордасында студенттердің заманауи талаптарға сай білім алуларына барлық мүмкіндік жасалған.