Колледж миссиясы

Миссия

«Семей көп салалы колледжі» мекемесінің миссиясы – қазіргі заманның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті, жауапты, өз мамандығын еркін игерген және өз мамандығына жақын салаларды меңгерген, еуропалық стандарт деңгейінде нәтижелі жұмыс жүргізе алатын, кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және кәсіби мобильді, білікті маман  даярлау.

Миссияның ұраны

Біздің мамандар өз білімдерін өзгеге бере алады, олардың білікті болуына жағдай жасайды және өмірді жақсы етуге тырысады!

         Көзқарас

Шығыс Қазақстан облысының оқу орындарының көшбасшысы, әлемдік стандарттарға сай келетін орта буын мамандарын дайындайды.

Стратегия

  • Білікті және бәсекеге қабілетті маманды дайындау жолдары:
  • Білім берудің құрылымын жаңарту;
  • Қажетті және өзекті мамандықтардың кең таңдауы;
  • Студентке бағытталған оқумен қамтамасыз ету, тәрбиелеу және дамыту, бітірушілерді әлеуметтік ортаға дайындай білу;
  • Педагогикалық ұжымның кәсіби және жеке дамуына жағдай жасау;
  • Заманауи тәжірибе мен технологияларды игеру;
  • Материалды-техникалық базаны жақсарту.