Оқытушының кодексі

«СЕМЕЙ КӨП САЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ»

МЕКЕМЕСІ

ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ 

 

ОҚЫТУШЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ

СМК оқытушысы – бұл:

− еліміздің және колледждің жетістіктерін өзінің жетістігі ретінде қабылдайтын патриот;

− заманауи технологияларды меңгеруге ұмтылатын, еңбегін адал істеп, шығармашылықпен қарайтын;  

− студенттерді танып-білуге бағыттайтын, жоғары білімді тұлға;

− адамгершілік-құқықтық сана-сезімі жоғары, заңға бағынатын азамат;   

− колледждің тәрбиелеу және білім беру үрдісін ұйымдастыратын белсенді қызметкер.

1-бап

Оқытушы Қазақстан Республикасының Заңдарын және Конституциясын, СМК Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін сақтайды. 

2-бап

Оқытушы өзінің жеке ар-намысы мен колледждің беделіне нұқсан келтірмей, өзін және өзінің мамандығын құрметтей отырып, мыналарға міндетті: 

– колледждің салт-дәстүрін құрметтеуге;

– колледждің беделінің артуына ықпал етуге, оның ғылыми-практикалық және мәдени дамуына үлес қосуға;

– студенттік жастарды оқыту мен тәрбиелеуде ғылым игілігі үшін адал еңбек етеді, өзінің қызметтік міндеттерін қатаң сақтайды, өзінің ғылыми және педагогикалық біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады.

3-бап

Оқытушы  – бұл қазақстандық және мемлекеттік патриотизм идеяларын, және мәдени дәстүрлерді белсенді насихаттайтын, мораль мен мәдениеттің жоғары үлгісі. Ол білім беру мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілерді ұстанады, өз лауазымын теріс пайдалануға, құқық бұзушылық пен парақорлыққа жол бермейді.

4-бап  

Оқытушының сыртқы келбеті және жүріс-тұрысы жоғары адамгершілік принциптерге негізделініп, әділ, студенттер мен жұмыстағы әріптестеріне адал және талапшыл болуы керек.

5-бап

Оқытушы студенттік топтар мен ұжым ішіндегі дау-дамайлы жағдайларды болдырмауға, рухани өсу мен шығармашылық ынтымақтастықты, достық, татулық атмосферасын қолдауы тиіс.

6-бап

Оқытушы студенттік жастардың оқу және мәдени деңгейін жоғарлатуға, колледждің, қаланың, облыстың мәдени және қоғамдық өміріне, кәсіптік бағдар беру ісіне белсене араласуы тиіс. 
7-бап

Оқытушы үшін жеке тұлғаларға, қоғамға, колледжге материалдық және моральдық залал келтіретін криминалдық және дау-дамайлы жағдайларды, сенімсіздік пен түсініспеушілік атмосферасын тудыратын дөрекі мінез-құлық тән болып табылмайды.

8-бап

Оқытушы колледж администрациясымен еңбек шартына отырған кезде СМК оқытушыларының ар-намыс Кодексінде көрсетілген шарттарымен танысады және өзінің келісімін өз қолымен растайды. 
9-бап

Оқытушы ар-намыс Кодексін сақтай отырып және оның принциптерін жүзеге асыруда колледждің жоғары адамгершіліктің, интеллектуалдық күштің үлгісіне айналуға, оның имиджінің және іскерлік беделінің  артуына бар күш-жігерін салуы тиіс.

10-бап  

Ар-намыс Кодексінің Ережелері лауазымы мен жұмыс істеу мерзіміне қарамастан барлық оқытушылар үшін бірдей болып саналады.