Студенттік парламент

 

         

 

СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Білім министрлігінің жоспары

 

Атқарылатын іс-шара Уақыты Жауаптылар
1 «Оқуға құштарлықты ояту» тақырыбында әр топтың старосталарымен онлайн кездесу қазан Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

3 білім министрлігімен Старосталар жиналысын онлайн ұйымдасьыру Қараша Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

4 «Тұғырлы тәуелсіздік атты» 1-2 курс арасында ақындардың шығармашылығынан мәнерлеп оқу сайысы (онлайн) Желтоқсан Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

5 Әр топтың оқу секторларымен жиналыс өткізу (онлайн) Желтоқсан Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

7 «Тарих толқынында» мақалалар жарысы(1-3 курс студенттері аралығында) Ақпан Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

8 Оқу секторларымен кезекті жиналыс Ақпан Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

9 «Латын әліпбиі» тақырыбында пікір-талас. Наурыз Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

10 «Білім еліне саяхат» атты мақал- мәтелдер додасы(1-2 курстар аралығында) Сәуір Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

11 Топ басшылары және оқу секторларымен жиналыс Сәуір Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

12 «Озық ойлы тапқырлар» атты логикалық  сұрақтар сайысы Мамыр Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

13 Оқу секторларымен қорытынды жиналыс Мамыр Амангелді Әдемі

Данабекова Айнара

 

                 

 

 

Ақпарат министрлігінің

2020-2021 оқу жылына жоспары

 

қазан               «Ең үздік шығарма,ең үздік эссе» еркін тақырыпта                  онлайн  шығармалар жарысы»

 

қазан                          «Оралхан Бөкейге арналған проза кеші»
желтоқсан       «Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздігім- тұғырым» эссе,өлең»

 

желтоқсан            «Кітап-асыл қазына»
наурыз                      «Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған поэзия кеші»
НАУРЫЗ                           «Колледж  аруы»
сәуір                             «Мамандықтар күні»
сәуір                            «Ғашықтар күні»

 

Мамыр                                  «Жігіт сұлтаны»

 

 

Мәдениет министрлігінің 2020-2021 оқу жылында өткізілетін мерекелік іс-шаралар жоспары

 

атаулары форма уақыты жауаптылар
 1 Ұстаздарға арналған “Ұстаз-ұлы есім”мерекелік онлайн құттықтау онлайн қазан Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

2 Жас таланттарды анықтауға арналған “Жас толқын-2020” онлайн қазан Наурзбаева Ж.М

Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

3 “Қош келдің, студент” дәстүрлі іс-шара онлайн қазан Наурзбаева Ж.М

Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

5 Қарттарға қайырымдылық көрсету акциясы акция, концерт қазан Наурзбаева Ж.М

Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

7 Тәуелсіздікке арналған мерекелік іс-шараға атсалысу онлайн желтоқсан Наурзбаева Ж.М

Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

8 8 –наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамын өткізу концерт наурыз Наурзбаева Ж.М

Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

10 22-наурыз мерекелік іс-шара өткізу ойын

концерт

наурыз Наурзбаева Ж.М

Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

11 27-наурыз  халықаралық театр күніне орай студенттердін актерлық талантарын шыңдау мақсатында қойылымдар сайысы өткізу қойылымдар сайысы сауір Исина Сезімгуль Кабышевна

Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

13 Халықаралық достық күнін арналған «Бірлік барда тірлік бар» дөнгелек үстел 05.2020 Наурзбаева Ж.М

Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

14 «Жігіт сұлтаны – 2020»  отанқорғаушылар күніне арналған концерт 05.2020 Наурзбаева Ж.М

Жаканова Асель

Онғарова Дильназ

Қабдоллаев Ерзат

 

 

 

Орта кәсіптік білім беру оқу орны – көптеген ішкі және сыртқы байланыстарды біріктіретін күрделі құрылым. Осы құрылымда жастармен жұмысқа қандайорын беріледі, колледж жағдайында тұлғаның қалыптасуына, дамуына қандай мүмкіндіктер жасауға болады? Осыған орай тәрбие жұмысының мақсаты айқындалады, яғни жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде ғана емес, өзіндік ақыл ойы, талап-тілегі, қажеттілігі бар субъект ретінде қарап, оның табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын қолдана отырып коммуникативті, толерантты жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашу.

           Осыған орай мемлекетіміздің жастар саясатын негізге ала отырып құрылған Студенттердің өзін-өзі басқару құрылымы – Студенттер Парламенті колледж жастарының жоғарғы органы болып
табылады.

           Қоғамымыздың алға басуы жастарды білім мен тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, бәсекелестік жағдайында іскерлікке үйретуге байланысты болғандықтан колледж студенттерінің өзін-өзі басқару мәселесіне ерекше көңіл аударуы қажет. Семей көп салалы колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитеті жұмысының белсенділігімен жастарға арналған қоғамдық ұйымдар, студенттердің өзін-өзі басқару құрылымы – Студенттер Парламенті оқу, ойын – сауық, ғылым, тәрбие бағыттарында студенттермен іс-шаралар өткізеді.

Бұл жұмыстар, негізінен, мынадай бағыттарда жүргізіледі:

• Патриоттық және интернационалдық;
• Қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие;
• Рухани -этикалық тәрбие;
• Эстетикалық тәрбие;
• Еңбек тәрбиесі;
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Парламенттің мақсаты:

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, заңды сауатты, жауапты, өз жұмысын жақсы білетін, бар жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті, басқарушылық қабілеті қалыптасқан, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық білікті маман,я еліміздің нағыз патриоттарын дайындау жолында жұмыс жүргізу.

Парламенттің міндеттері:

– студенттерді тәрбиелеудің әлеуметтік маңыздылығы мен келешегі бар екендігін
қоғамның түсінуіне көмектесу;
– студенттердің рухани, интеллектуалды өмірі, өзінің денсаулығы мен жарқын өмірі үшін
әлеуметтік құзіреттілігі мен жауапкершілігін арттыруды ұйымдастыру жағдайын жасау;
– студенттердің қоршаған ортаға, қоғамға және табиғатқа деген позитивті көзқарасын
қалыптастыруға көмектесетін әлеуметтік-педогогикалық жағдай жасау;
– тұлғаның кәсіби және жан-жақты қалыптасуы үшін жағдай жасау, өз білімін өмір бойы
жетілдіруге деген қажеттілігін қалыптастыру;
– колледж аясында және колледждан тыс іс – шараларды ұйымдастыру;
– Кез – келген іс – шараға белсенді ат салысу;

            Аталмыш талаптар студенттерді тәрбиелеудің қазіргі заманғы әлеуметтік тапсырысын көрсетеді, осы тұжырымдама үшін негіз болып табылады және қағидалары мен басым бағыттарын анықтайды.

Студенттерді тәрбиелеудің тиімді факторы – студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі

           Жастардың студенттік өзін-өзі басқаруға қатысуы олардың бойында дербес, белсенді, жауапкершілік, бастамашыл сынды қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
           Студент үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, қоғамдық жұмыстарға ат салысу, студенттердің ғылыми және басқа да бастамаларын қолдау мен
дамытудағы көмек.
           Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту үнемі әлеуметтік жауапты аймақты кеңейтуді,орта кәсіптік оқу орны жастарының өз бетімен демократиялық өзара әрекеттесуін көздейді,
студенттердің ғылыми қоғамы арнасында студенттердің бастамаларын қолдау және дамыту,студенттер өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге қатысады.

Оқу орнындағы өзін-өзі басқаруды жетілдіру
үшін қажетті жағдайлар:

– студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру үшін тәжірибелік маңызы бар
жобаларды жасауға кафедра оқытушылары мен ғылыми бөлімше қызметкерлерінің бағыты;
– студенттерді тәрбиелеу мәселесі бойынша директордың қатысуымен жиналыс
ұйымдастыру;
– кәсіптік орта білім беру оқу орнындағы студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің
жағдайы мен нәтижесін бағалау критериилерін құрастыру;
– студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі бойынша маңызды сұрақтарды талқылау үшін оқу
орнында, бөлімдер мен цәк-да конференциялар, дөңгелек үстелдер, әдіснамалық семинарлар
өткізу.
СМК студенттерінің өзін-өзі басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру төмендегілерді
қамтамасыз етуі тиіс:
– белгілі бір ортадағы тәрбиенің негізін, бастапқы басым бағытын сезе отырып, қоғамдағы
белгілі бір мәртебесін бекітуді;
– кәсіптік орта білім беру оқу орнының білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде
тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын;
– жастар тәрбиесінің жоғары деңгейін;
– салауатты өмір салтын қалыпты жағдай ретінде бекітуді;
– жоғары дәрежедегі рухани және өнегелі қоғам құруды;
– Студенттер парламентінің жалпы нұсқасын ұсынуды.

               Студенттер Парламенті – оқу орнындағы басталған жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар және жаңа идеяларды жүзеге асыратын, олармен жүргізілетін саясаттың, Жастар ісі жөніндегі комитеттің көмегімен тағайындалатын негізгі атқарушы ұйым. Студенттердің қазіргі жағдайдағы негізгі міндеттері студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін алып жүру.
               Бүгінгі таңда студенттің өзін-өзі басқаруы колледж студенттерінің атынан үлкен қолдауға ие болуда. Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы мүшелері сайланды, оның ішінде колледж
Президент, Премьер – министірі, бөлім жетекшілері және олардың орынбасарлары, студенттер кеңесі студент жастармен оқу, ғылыми-зерттеу және мәдени сфераларында жұмыстарды
ұйымдастырып, өткізуді басты мақсат етіп қояды.
               Басқару ұғымының мәнін ашып түсіндіру үшін оны келесі соған туыс ұғым – өзін-өзі басқарумен салыстыру керек. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі колледждің оқу-тәрбие
және қоғамдық өмірінде маңызы үлкен. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі бөлімдердің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда, бақылауда анағұрлым белсенді және бастамашыл болып келеді. Бұл жағдайда ол қоғамның немесе ұжымның өзінің өкілеттілігіне сүйенеді. Әдетте студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің құрамы ең алдымен басқарушылықпен емес, кәсіби білім алу іс-әрекетімен айналысады.