Кәсіби бағдар беру

Фотогалерея

Үгіт-насихат жұмысы бойынша

 

2019-2020 оқу жылында колледждің маркетинг орталығы қаланың 38 мектебімен кәсіптік бағдар беру бойынша бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойды. Содан кейін екі ай бойы (қазан-қараша) колледж оқытушылары және агит бригада мүшелері қаламыздың түрлі мектептерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Колледж маркетологы, Бауыржанова А.Ө., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наурзбаева Ж.М.  және агит бригада мүшелері қаламыздың № 31, №18, 16 орта мектептерінде 9-10-11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Оқытушылар Акжигитова Э.Н., Наурзбаева Ж.М. №12 жалпы орта білім беретін  агитация жұмысын жүргізіп ата-аналар жиналысына қатысты.

1 жартыжылдықта үгіт насихат жұмыстары келесі жалпы орта білім беретін мектептерде жүргізілді: №3, №20, №13, №11,№37, №34, №33.

Кәсіби бағдар беру мақсатында 14.11.2019 ж ағылшын тілі пәні оқытушылары Акжиготова Э.Н., Сакенова Қ.Е. ұйымдастыруымен қала мектептері арасында «What?, Where? When» тақырыбында интелектуалды сайысы өткізіліп, сайысқа қала мектептерінен № 3, 16, 17, 22, 47 қатысты. Көрермен ретінде 57 оқушы және 5 жетекшісі келді. Интелектуалды ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

2 семестрда үгіт-насихат жұмыстары онлайн түрінде жүргізілді.  5.06.20 күні колледжіміз облыстық онлайн «Ашық есік» өткізді. 70 тен аса мектеп оқушылар қатысып өз сұрақтарын қойды.

Сонымен қатар, Instagram, VK әлеуметтік желілерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары үнемі жүргізіліп, колледж туралы ақпарат орналастырылған, оқу орнының қызметін насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, кәсіптік бағдар бойынша жұмыс жеткіліксіз жүргізілді, келесі семестрде кәсіптік бағдар бойынша жұмысты күшейту қажет.

 

 

Талапкер назарына!