- Семей көп салалы колледжіне оқуға қабылдау ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 19 қаңтарда бекітілген №130 қаулы бойынша Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде құрылды.
2.Семей көп салалы колледжіне коммерциялық негізінде жалпы (негізінде жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалык пен кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік), жоғарғы (жоғарғы кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттерде тұратын қазақ ұлтты тұлғалар қабылданады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының бекітілген заңдарының тәртібі негізінде қабылданады.
- Семей көп салалы колледжіне оқуға тусу кезінде төмендегідей жеңілдіктер қарастырылады:
1) І, ІІ топтағы мүгедектер, туғаннан мүгедек, мүгедек-бала азаматтар санынан -1 %;
2) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына арналған жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген тұлға – 0,5 %;
3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мамандықтарға түсушы ауыл (село) жастары -30 %;
4) Қазақстан Республикасының азаматы емес қазақ ұлт өкілдірі- 2 %;
5) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1 %;
4.Семей көп салалы колледжіне оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Ол өз жұмысын 2017 жылдың 20 маусымынан бастайды.
4.1. Аймақтарға шығу арқылы азаматтарды оқуға қабылдау Семей көп салалы колледжінің қабылдау комиссиясының ұйымдастыруымен құрылтайшының келісімі бойынша жүргізіледі.
4.2. Семей көп салалы колледжіне құжаттарды қабылдау: күндізгі оқу бөлімі үшін 20-шы маусымнан 20-шы тамызға дейін, ал сырттай оқу бөлімі үшін 20-шы маусымнан 20-шы қырқүйекке дейін жүргізіледі. Семей көп салалы колледжіне қабылданатын талапкерге өтінішпен бipгe мынадай құжаттардың болуын талап етіледі: білім туралы құжатының түп нұсқасы, жас өспірімдер мен студенттер емханасы берген 086 – У үлгісіндегі дәрігерлік анықтама флюрография суретімен (1 және 2 топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), дәрігерлік анықтама 0-63 формасы (егілу құжаты), 3×4 көлемдегі 4 фотосуреті, кешенді тестілеу сертификатын немесе осы жылғы ҰБT қатысушыларға бірыңғай ұлттық тест нәтижелері туралы сертификат. Енбек өтiлі бар тұлғалар енбек кітапшасының расталған көшірмесін қоса береді. Колледжге тапсырушы талапкер өзінің жеке бас куәлігін, төл құжатын немесе туу туралы куәлігін өзі немесе ата-анасы, заң өкілдері көрсету қажет.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар кұжатты ұсынады:
- шетелдік- шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
- азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
- босқын – босқынның куәлігі;
- пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
- оралман – оралман куәлігі
4.3 Қабылдау емтихандары:
кундізгі оқу бөлімі үшін тамыздын 1 мен 28 аралығында, ал сырттай оқу бөлімі үшін 1 тамыздан қыркүйектін 25-не дейін өтеді.
4.4.Кешенді тестілеу сертификатын (биылғы жылы жоғарғы оқу орындарына тусу үшін кешенді тестілеуге қатыскан бұрын бітірген түлектер) немесе ҰБT нәтижелері туралы сертификат (ұлттык бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімі бар биылғы жылғы түлектер) ұсынған азаматтар оқуға түсу үшін тапсыратын емтихандардан босатылады және шарттарға сәйкес конкурсқа жі6еріледі.
5.Колледждің оқушылар қатарына қабылдау түсу емтихандары аяқталған соң: күндізгі оқу бөлімі үшін тамыздың 25-нен 30-ы аралығында, ал сырттай оқу бөлімі үшін қыркүйектің 15- нен 30-ы аралығында жүргізіледі.
6.Семей көп салалы колледжіне түсуші талапкерлер өз өтініштері бойынша емтихандарды қазақ және орыс тілінде тапсыруға құқылы.
- Қабылдау емтихандары кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.
- Қабылдау емтихандары:
- жалпы орта 6ілімі бар азаматтар үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандығы бейіні бойынша пән) өткізіледі;
- негізгі орта білімі барлар – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілi және мамандық бейіні бойынша пән);
- мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін маманджық бейіні бойынша өткізіледі;
- мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша 11 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазакстан тарихы және мамандандырылған пән дүниежүзі тарихы; 9 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән мемлекет және құқық негіздері.
0519000 «Экономика» мамандығы бойынша 11 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән математика; 9 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән математика.
0518000 « Есеп және аудит» мамандығы бойынша 11 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән математика; 9 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән математика.
0111000 «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша 11 сынып негізінде қазақ тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән қазақ әдебиеті; 9 сынып негізінде қазақ тілі және мамандандырылған пән қазақ әдебиеті.
0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына тапсырушы талапкерлер 11 сынып негізінде қазақ (орыс тілі), Қазақстан тарихы және шығармашылық емтихан; 9 сынып негізінде қазақ (орыс тілі) және шығармашылық емтихан тапсырады.
0105000 «Бастауыш білім» мамандығы бойынша 11 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән математика; 9 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән математика.
0105023 «Бастауыш сыныпта информатика пәнінің мұғалімі» 11 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән математика; 9 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән математика.
0105033 «Бастауыш сыныпта шетел тілі мұғалімі» 11 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән шетел тілі; 9 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән шетел тілі.
1304000 «Электрондық есептеу техникасы және бағдармалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша 11 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән математика; 9 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән математика.
0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша 11 сынып негізінде қазақ (орыс) әдебиеті, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән қазақ (орыс) тілі; 9 сынып негізінде казак (орыс) тілі және мамандандырылған пән қазақ (орыс) әдебиеті.
0401000 «Кітапхана ici» мамандығы бойынша 11 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән әдебиеті (тіл бойынша); 9 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән әдебиеті (тіл бойынша).
0101000 «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығы бойынша 11 сьнып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән биология; 9 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән әдебиеті (тіл бойынша).
0512000 «Аударма ici» мамандығы бойынша 11 сынып негізінде қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән шетел тілі; 9 сынып негізнде қазақ (орыс) тілі және мамандандырылған пән шетел тілі.
0112000 «Исламтану» мамандыгы бойынша 11 сынып негізінде қазақ тілі, Қазақстан тарихы және мамандандырылған пән шығармашылық емтихан.
Арнайы немесе шығармашыльқ емтихандар бойынша “қанағаттанарлықсыз” деген баға алған немесе емтиханға келмей қалған азаматтар келесі емтихандарға жіберілмейді.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
-Тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырманың
саны 25 болып белгіленеді. Әp6ip тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 ұпаймен бағаланады. Кешенді тестілеуде 11 сынып негізінде 30 ұпайдан төмен, білім беру, құқық, экономика мамандықтарына 35 ұпайдан төмен алған; 9 сынып негізінде 20 ұпайдан төмен, білім беру, құқық, экономика мамандықтарына 25 ұпайдан төмен алған азаматтар оқушылар қатарына қабылданбайды.
Тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі.
-Пәндер бойынша түсу емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3»- 8 ұпай, «4»- 17 ұпай, «5» -25 ұпайға ауыстырылады. Дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді. Емтихан нәтижелері кешенді тестілеуден кейін бір тәулік мерзімінде хабарланады.
- 9. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
10.Семей көп салалы колледжінде техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тиісті кәсіби оқу бағдарлама қысқартылған оқу түрі бойынша білім алады.
11.Пәндер бойынша емтихан мен тест тапсырмаларың бағалау кезінде даулы сұрақтарды шешу үшін, бірынғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін және колледжге оқуға қабылданушылардың құқығын қорғау үшін апелляциялық комиссия құрылады.
12.Қабылдау емтихандарының қорытындысына келіспейтін талапкерлер шағымдануға құқығы бар.
13.Өтініш түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
14.Семей көп салалы колледжіне негізгі жалпы, орта жалпы, бастауыш кәсіби білімі бар азаматтардың өтініштері бойынша конкурс негізінде қабылданады:
– осы жылғы ұлттық біріңғай тестілеу сертификаттарының негізінде;
– колледжде өткізілген түсу емтихандарының ұпайлары (бағалары) негізінде;
– жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар ұпайлары негізінде;
15.Семей көп салалы колледжінің оқушылар қатарына қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар және оқыту тілі бойынша бөлек жүргізіледі.
- Семей көп салалы колледжіне оқуға қабылдау ережесі «Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» негізінде құрылады және құрылтайшымен келісіліп баспасөз беттерінде қабылдауға бір ай бұрын жарияланады.
17.Қабылдау ережелері туралы ақпарат, қабылдау комиссиясының қабылдауды ұйымдастыру және өтілу туралы шешімдері, емтихандар кестесi, қабылдаудың мерзімдері мен қорытындылары талапкерлерге дер кезінде жеткізілуі тиіс.
18.Семей көп салалы колледжі қабылдау комиссиясының басқа орта және жоғары оқу орындарына сайыстан өте алмаған талапкерлерді бекітілген анықтамалар және мемлекеттік сертификаттар негізінде қабылдауға құқығы бар.
19.Семей көп салалы колледжінің қабылдау комиссиясы облыстық Білім басқармасына бекітілген үлгімен белгіленген уақыт аралығында жедел және статистикалық есеп береді. Оқушы қатарына қабылдаудан кейінгі 10 күн уақыт аралығында қабылдаудың ұйымдастырылуы және өтілуі туралы қорытынды есеп 6epyi тиіс.