Семей көп салалы колледжінде 15 ақпан күні «Аударма ісі» , «Бастауыш сыныпта ағылшын пәні мұғалімі» мамандықтарын насихаттау мақсатында қала мектептерінің арасында «Who is faster?» тақырыбында ағылшын тілінен интеллектуалды ойын өткізілді.
Ойынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акылханова Асем Аскатовна ұйымдастырды. Ойынға № 4, 30, 32 мектептерінің ағылшын тіліне қызығушылығы жоғары оқушылары қатысты. Қатысушылар ағылшын тілін меңгерудегі терең білімдерін көрсетті. Интеллектуалды ойын мектеп мұғалімдері мен оқушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.