Директор туралы

 

Қабылғазинова  Алия Қабылғазықызы

«Семей көпсалалы колледжі» мекемесінің директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Д.Қонаев атындағы орден, Шәкәрім медалімен марапатталған.

Қабылғазинова  Алия Қабылғазықызы 1954 жылы 28 ақпанда ШҚО, Күршім ауданы, Қарақас ауылында дүниеге келген. Ауылында орта мектепті бітіріп, Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түсті. Жоғарғы білімді Семейдің Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтынан алды.  Осы институттың филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.

Кәсіби қызметі:

А.Қ. Қабылғазинова 1975 жылы оқытушы қызметінен колледж жетекшісіне дейінгі еңбек жолы, кәсіби қызметі және мансаптық өсуі ҚР-ның жоғарғы білім жүйесімен тікелей байланысты.

 

Қоғамдық өмірге араласауы:

Республиканың және аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласады.

2008 жылдан Қазақстанның іскер әйелдер І Евразиялық саммитының өкілі.

2015 жылдан «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі.

2015 жылдан Семей қаласының аналар одағының мүшесі.

Облыс көлемінде өткізілетін қайырымдылық іс-шаралардың ұйымдастырушысы: жетім балаларға, жағда            йы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету.

 

Марапаттаулары:

2011 ж. –  Білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» естелік төсбелгі;

2012 ж. – Университеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 60 жыл» мерейтойлық медалі;

2013 ж. – Жекеменшік білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Диплом;

2013 ж. – «Ажар» №12 бала-бақшасы» КМҚМ-нің  Алғыс хаты;

2014 ж. – Қала әкімінің Алғыс хаты;

2014 ж. – «Ажар» №12 бала-бақшасы» КМҚМ-нің  Алғыс хаты;

2014 ж. – «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Құрмет грамотасы;

2014 ж. –  «Лучшие люди» Халықаралық энциклопедиясы қатысушының Дипломы;

2015 ж. – «Гештальт-подход» психологиялық шеберлік сыныпты қолдау көрсеткені үшін Алғыс хат;

2015 ж. – 1-мамыр мерекесіне белсенді қатысқаны үшін ішкі саясат бөлімі басшысының Алғыс хаты;

2015 ж. – Тұңғыш Президенті күніне орай  ішкі саясат бөлімі басшысының Алғыс хаты;

2016 ж. – «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Құрмет грамотасы;

2016 ж. – «Білім берудегі көшбасшы» І-Ұлттық премиясының сертификаты;

2016 ж. – Д.Қонаев атындағы орден;

2017 ж. – Шәкәрім медалі.

Байланыс:   

ҚР, ШҚО, Семей қ., Жамбыл к., 20, 071410

«Семей көп салалы колледжі» мекемесі

Тел., факс:  +7(7222)304158

е-mail: smk_semey@mail.ru