ЖаңалықтарҮгіт-насихат жұмысы

«MY PRO» 

28.02.2018-03.03.2018 аралығында”ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ” КММ бастамасымен 2017-2018 оқу жылына оқушыларға кәсіптік бағдар беру, мектеп түлектерінің мамандықты дұрыс таңдау жасауына бағыт бағдар беру мақсатында «MY PRO» мамандықтар фестивалі  ұйымдастырылды. Іс-шараға қаламыздағы 49 мектеп және қала маңындағы шағын елді-мекендерден оқушылар шақырылып,2888 оқушы мен пән мұғалімдері қатысты. Оқушыларға арнайы бекітілген колледж  көрмесінде колледждің тарихы, мамандықтары туралы үлестірме буклеттер, ақпараттық киоск ұйымдастырылды.  Мектеп оқушылары колледж жұмысына аса қызығушылықтарын танытып, оқытушыларға өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойды, колледждің тынысымен танысып,логикалық сұрақтарға белсенділікпен жауап берді.

Сәтті үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде 48 оқушы  болашақта осы колледжге оқуға түсуге нақты шешім қабылдағанын айтты.