14.03.2018ж. Семей көп салалы колледжінің ұйымдастырумен 15 наурыз «Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау» күніне байланысты «Тұтынушылар мен сатушылар құқығы» атты іс шара өтті.
Іс шара сайыс түрінде «Innovative college» мекемесі мен Семей көп салалы колледждің студенттері арасында өткізілді. . Сайыс 4 бөлімнен тұрды оған «Жас заңгерлер», «Әділет», «Заң сөйлесін», «Фемида» командалары қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша «Әділет» командасы алға шығып, 1 орынды иеленсе, «Заң сөйлесін» командасы 2 орынмен, «Фемида» командасы 3 орынмен марапатталды.