Су тасқынан зардап шеккен Семей қаласының тұрғындарына көмек көрсетемін деген жаны жайсаң жандар көптеп табылуда. «Нұр Отан» партиясының Семей филиалында Бобровка, Мұрат, Затон аудандары мен Түйемойнақ аралында баспанасыз қалғандарға көмек беру үшін қабылдау бекеті ашылған болатын. Сауапты іске әрқашан белсене атсалысуға дайын колледж ұжымы «Нұр Отан» партиясының Семей филиалымен бірлесе табиғи апаттың тосын мінезіне тап болған ағайынға гуманитарлық көмек көрсетті. Осы орайда Аягөз қаласында орын төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға колледж ұжымы бір күндік еңбекақысын ерікті түрде аударғанын айта кетсек болады
Семей көп салалы колледж ұжымы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті!
