Жаңалықтар

«Шебер – 2018» кәсіби шеберлік сайысы!

2018 жылдың сәуір айының 20 жұлдызында педагогикалық мамандықтардың 3 курс студенттерінің арасында «Шебер – 2018» кәсіби шеберлік сайысы өтті. Аталған іс-шара колледж тарихында 14 жыл қатарынан өткізілуіне байланысты мызғымас дәстүрге айналуда. Сайыстың мақсаты – мұғалім дәрежесін көтеру, студенттердің шығармашылық пен кәсіби мүмкіншіліктерін дамыту. Сайысқа қатысқан студенттер өз білімдерін, дағдыларын, шығармашылықтарын жоғары дәрежеде көрсетіп, байқауды жоғары дәрежеде өткізуге ат салысты.

Сайысқа әділ төрелік көрсеткен әділ-қазылар алқалары колледжіміздің директоры Қабылғазинова Әлия Қабылғазықызы, әлеуметтік серіктестеріміз Семей қаласының № 9 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Толмачева Марина Владиславовна, Семей қаласының Төлебай Аманов атындагы № 16 ЖОББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сахарин Ақан Шәріпұлы, Семей қаласының № 12 ясли-бала-бақшасының әдіскері Мухамадиева Алия Ашимовна байқауды қорытындылап, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтарды табыстады.

Сайыс жеңімпазы ретінде «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының студенті Нұрбек Шакура танылып, мақтау қағазы марапатталды.Байқауға қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтай отырып,колледж қабырғасында өткізген әрбір күндеріңіз кәсіби шеберліктеріңізді шыңдай түссін дегіміз келеді!