25.04.2018 жылы Семей көп салалы колледжінде Нұрсұлтан Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатқа «Дене шынықтыру және спорт», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының студенттері қатысты.
Танымдық сағатта басқа тілдерден аударылған 100 жаңа оқулықтың ішіндегі жарыққа шыққан 18 оқулықтың таныстырылымы өтті. Бейнероликтер көрсетіліп, баяндамалар оқылды және арнайы шақыртумен келген Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Куребаева Гульнара Ахметовна жарыққа шыққан 18 кітаптың ішіндегі психология саласында аударылған кітаптарға кеңінен тоқталып, өте жақсы ой-пікірін білдірді.