Жаңалықтар

“Әскери-спорттық бес сайыс” спорттық жарысы болып өтті!

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 26 жыл толуына орай өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2018 жылдың 25 сәуірінде Семей көп салалы колледжінде әскери-спорттық бес сайыс спорттық жарысы болып өтті.

Бес сайысқа колледждіміздің І және ІІ курс студенттері (ер балалар)қатысып, өзара гір тасын көтеру, қол күрес (4 салмақ бойынша), белтемірге тартылу, арқан тартыс, газ тұмылдырығын кию сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты.

Жарыстың ұйымдастырушылар құрамы Бес сайыстың көркін қыздырған қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде болғанын және жеңімпазды анықтау қиынға түскенін , жастардың отан алдындағы азаматтық борыштарын атқаруға, еліміздің тыныштығын сақтауға дайындығын толықтай  көрсеткенін айтады!