Жаңалықтар

Студенттер Бас жүлдемен оралды!!!

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінде  мамыр айының 5 жұлдызында  «Менің мамандығымдағы психология» атты аймақтық олимпиада ұйымдастырылды!!!

Бұл олимпиадаға «Негізгі орта білім» мамандығының 2 курс студенттері Төкенова Динара, Қисаева Балнұр және Толеутаева Әмина (болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдер) қатысқан болатын. Студенттердің жарқын және құзыретті жауабы, педагогикалық негізде алған білімдері қазылар алқасының назарынан тыс қалмады.

Колледж командасы «Шығармашыл топ», «Жас инноватор» номинациясын иеленіп, дипломмен марапатталса, топ жетекшісі, педагогика және психология пәнінің оқытушысы Наурзбаева Жанар Мұхтархановна  алғыс хатпен оралды. Бас жүлде – 1-дәрежелі Диплом да біздің команданың қоржынында табылды!

Біздің қыздарды осы жеңіспен құттықтай отырып, болашақта кәсіби жеңістерді тілейміз!

Смк – білімнің орасан күші!!!