Мамырдың 15-ші жұлдызында Семей көп салалы колледжінің Маркетинг бөлімі колледж ұстаздарымен бірлесіп, Бородулиха ауданының мектеп бітіруші түлектерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледждің барлық мамандықтары бойынша буклеттер таратылды. Түлектерді қызықтырған кейбір мамандықтар туралы түсініктемелер берілді. Келесі мектептер мен колледж бітірушілеріне үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді:
1. «Н.Островский атындағы орта мектебі» КММ;
2. «ЖББ Бородулиха қазақ орта мектебі» КММ;
3. «Камышенка орта мектебі» КММ;
4. ШҚО Бородулиха ауданы «Новопокровка орта мектебі» КММ
5. «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ;
6. ШҚО Бородулиха ауданы «Киров орта мектебі» КММ.