10 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы ТжКББ оқу мекемелері студенттерінің арасында қазақша күрес бойынша облыстық жарыс өтті.
Бұл сайысқа Семей көп салалы колледжінің спортшылар командасы да қатысқан болатын. Команда құрамын: Кұмарбек Айбек, Ағыбаев Айбек, Магеллан Милат, Қаербеков Архат секілді спортшыларымыз толықтырды .
Колледж палуандары өз салмақ категориясында қарсылас шыдатпай, мықтылығын толықтай көрсете білді! Ағыбаев А. (80+кг), Магеллан М. (60 кг) ІІ-орындарға иеленсе, Құмарбек А. (74 кг), Қаербаев А. (60 кг) – І-орындарға ие болды.
Командалық есепте біздің спортшыларымыз І-орынды қанжылады!
Спортшыларымызды осынау айтулы керемет жеңісімен құттықтай келе байрақты бәсекелерде ұлттық дәстүрді әрқашанда биік ұстайды деп сенім білдіреміз!