Жаңалықтар

Тәлімгер Вожатый Fest-2018!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, тәлімгерлердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға жағдай жасау және студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру орталығы және кадрлар даярлау орталығы жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында оқитын студенттері арасында 2018 жылдың 17 мамырында Таулы Үлбі кентіндегі ШҚ ӨҒПО «Дарын» базасында «Тәлімгер Вожатый Fest» фестивалін ұйымдастырып өткізді.

Фестиваль шеңберіндегі Семей көпсалалы колледжінің тәлімгерлер жасағы «Grazzy boom» 4 сайыс кезеңінен өтті.

Біздің колледждің тәлімгерлер жасағы «Тәлімгер Вожатый Fest» фестивалінде «Әртістігі мен әуезділігі» номинациясын иеленді. Мереке аясында тәлімгерлердің портфолиялары ұсынылған «Тәлімгерлер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.