Қыркүйектің 10-ы мен 14-і аралығында Семей көп салалы колледжінің жаңадан қабылданған студенттер арасында «Здравствуй, Колледж! Это мы!» фотоколлаждар байқауы ұйымдастырылды. Фотоколлаждар байқауының шығармашылық қорғауы өткізілді.
Фотоколлаждар байқауының қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен МДТ-21 тобы, ІІ дәрежелі дипломмен ПД-22 тобы, І дәрежелі дипломмен және сыйлығымен БС-12 тобы марапатталды. «Үздік дизайн» номинациясы бойынша ҚТ-21 тобы, «Фотоколлажды үздік қорғау» номинациясы бойынша ДШ-21 тобы, «Үздік креативті фотосуреттер» номинациясы бойынша БС-13 тобы, «Фотоколлаждың үздік тақырыбы» номинациясы бойынша БС-13 тобы жеңімпаз атанды. «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша әлеуметтік желідегі дауыс беруде жеңімпаз МДТ-21 тобы болды.