Жаңалықтар

Семей көп салалы колледжінің студенті Мұхамади Динара “Бас жүлде” иеленді!!!

“Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындары студенттерінің арасында өткен “Шығыс жұлдыздары” атты облыстық әдеби-өлкетану байқауында Семей көп салалы колледжінің студенті Мұхамади Динара “Бас жүлде” иеленді. Қисаева Балнұр “Ең жоғарғы актерлік шеберлік” номинациясымен, Абылканова Еркежан “Үздік лирикалық орындаушы” номинациясымен марапатталды.
Қасымбекова Ақмаржан және Сыдықова Мадинаның бірлесіп қорғаған жобалары қалың көрерменнің көңілінен шығып, Алғыс xатпен марапатталды!
Жеңімпаз жастарымызға биіктен әрдайым көрінулеріне тілектестік білдіреміз!