Әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін арнайы пәндер онкүндігінің аясында ұйымдастырылған «Көңілді мәре» атты спорттық сайысы жоғары деңгейде болып өтті. Колледж ұстаздарының арасында өткізілген шараның басты мақсаты – Оқу процесінен бас алмайтын ұстаздарымыздың уақытын тиімді пайдалану, ұжым арасындағы түсіністік пен ұйымшылдық қасиеттеріне сәл де болсын серпін қосу, қызықты ойындар ойнатып, көңілдерін сергіту болса, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру – шараның алғашқы баспалдағы еді. Сайыста «Рухты ұстаз», «Самға» және «Қайсар» топтары ортаға шақырылып, әр түрлі спорт түрінен жарысқа дайындалды. Шараны ашқан Семей көп салалы колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Мачахина О.И. сайысқа қатысушыларға жылы лебізін арнап, ойында сәттілік тіледі. Жарысқа түскен бәсекелес топтар жарыс шарттарына сай кезеңдерден бақ сынады. ұстаздарымыздың жүздері жадырап, қуанышқа бөленіп, бір серпіліп қалғандай. Ұйымдастырушы колледждің дене шынықтыру пәнінің ұстаздары өз мамандықтарын сүйетін жандар екенін аңғартты. Нәтижесінде «Рухты ұстаз» тобы жеңімпаз атанып, «Самға» тобы ІІ орынға, «Қайсар» тобы ІІІ орынға ие болды және бағалы сыйлықтар табысталды.