Жаңалықтар

«Жастар есірткіге қарсы» атты тақырыпта арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Қараша айының 22 күні «Семей көп салалы колледжі» мекемесінде  «Жастар есірткіге қарсы» атты тақырыпта арнайы іс-шара ұйымдастырылды.  Іс-шараға Семей қаласының №5 емханасынан арнайы мамандар: Тулакова Алма Абылтаевна, Балтачёва Галия Асемхановна шақырылды.

Шара ауқымды екі кезеңді қамтыды: бірінші кезеңде студенттер өздерінің дайындаған литмонтаждарын тамашалауды ұсынса, екінші кезеңде аранайы мамандар ақпараттарымен бөлісіп, студенттермен тура және кері байланыс орнатты. Колледж студенттері мамандарға есірткіге байланысты өз сауалдарын қойып, сауалдарына толық әрі нақты жауап алды.

Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, талдау жұмыстары жүргізілді.