Жаңалықтар

“Заңгер – 2018” кәсіби шеберлік сайысы

12 желтоқсан күні Семей көп салалы колледжінде жыл сайын өткізілетін “Заңгер – 2018” кәсіби шеберлік сайысы өтті. Сайыс құқықтың барлық салаларын қамтыды. Сайысқа “Құқықтану” мамандығының 3 курс студенттері қатысып, өздерінің құқықтық білімдерін сарапқа салды. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Студенттердің білімін бағалау үшін Орталық аудандық пробация қызметінің инспекторы Байдакпаева Гүлжан Ермухамбетовна келді. Сайыс нәтижесінде Досымова Аружан өзінің терең құқықтық білімінің нәтижесінде “Заңгер – 2018″ атанды. Сайысқа қатысқан студенттер әртүрлі номинациялармен марапатталды. Андасов Әли ” Үздік құқықтанушы”, Кайрамбаев Рамиль ” Үздік тергеуші”, Доктева Нұрай мен Адильгазина Ақнұр ” Үздік оратор” аталымымен марапатталды. Студенттерді жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!