2018 жылдың 16-қаңтарында Семей көпсалалы колледжінде «Who is faster» атты интеллектуалды ойын-сайыс мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды. Сайысты ұйымдастырушысы шетел тілі пәнінің оқытушысы Сармурзина С.К.Сайысқа 3 команда ойыншылары (№21, №22, №35 мектептер) қатысты. Сайыс оқушылардың ағылшын тілінде өзіндік пікірін еркін жеткізуге, ойын жүйелі, сөз байлығы мен тапқырлықтарын дамыту, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа әр мектептен 5 оқушы қатысып, өз қабілеттерін сынап көрді. Ойын 5 түрлі бөлімнен өтті. Бұл сайыста №22 жалпы орта білім беретін мектеп – лицейі I – орынға, №35 жалпы орта білім беретін мектеп II – орынға, №21 Жалпы орта білім беретін мектеп III – орынға ие болды. Әр қатысушы оқушылар сертификатпен, ал жетекші мұғалімдері алғыс хатпен марапатталды.