Жаңалықтар

“Семей көп салалы колледжі” мекемесінің педагог-психологы Болатова Гауһар Оралқызы жүлделі ІІ орынды иеленді.

2018 жылдың желтоқсан айының 14 жұлдызында, Семей қаласындағы “Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде

” Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының педагог-психологтар арасында “Үздік жыл психологы” атты облыстық байқауы өтті.

Байқауға ШҚО колледждерінің педагог-психологтары қатысты.
Байқауды ұйымдастыру мақсаты: дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.
Байқау екі кезеңнен тұрды. І кезең – сырттай; эссе жазу, 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін; ІІ кезең – қорытынды, 2018 жылдың 14 желтоқсан күні. Қорытынды кезең 2 тур бойынша өткізілді.
Қорытынды кезең бойынша қатысушылар марапатталынып, “Үздік жыл психологы” анықталынды. Байқауға “Семей көп салалы колледжі” мекемесінің педагог-психологы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.