ЖаңалықтарҮгіт-насихат жұмысы

“Құқығым бар, бірақ міндеттімін”атты тақырыбында зияткерлік құқықтық сайысы болып өтілді.

 Семей көп салалы колледжінде  9-11 сынып оқушыларына  кәсіби бағдарға арналған  іс-шаралар аясында  қаңтар айының 17-ші жұлдызында  “Құқығым бар, бірақ міндеттімін”атты тақырыбында зияткерлік құқықтық сайысы болып өтілді.

Сайысқа  қала мектептері:  №44, №11, №17 қатыстырылды.

Болашақ заңгерлер мемлекет және құқық теориясынан,азаматтық құқықтан,азаматтық іс жүргізу құқығынан білімдерін ортаға салды,сондай ақ тарих пәні бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді,шығармашылық деңгейде өз ойларын жазды.

Мамандық апталығына қатысқан әр студент назардан тыс қалмады,оларға белсенділік танытып,атсалысып қатысқандары үшін алғыс хат, сертификат және дипломдармен марапатталып,сыйлықтар табысталды. Қоғамдық пәндер оқытушылары:  Смагулова Ш.С, Максен Д , Шаймарданова Н.С мектеп оқушыларына арналып өткізілген зияткерлік құқықтық сайысы жоғары бағаланды. Келген қонақтарға колледж студенттері мамандық туралы пікірлерін және өздері таңдаған мамандықтарының қыры мен сыры жайлы әңгімеледі. Колледж мамандықтары жайлы видео-ролик арқылы таныстырып, таратпа қағаздар ұсынылды.

Әр мамандық өзінше тартымды,ерекше қажетті болып саналады. Бірақ,солардың ішінен жастардың өзінің қалауы бойынша дұрыс таңдауы келелі мәселе.