23.01.2019 11:00-де Астанада “Тәуелсіздік ұрпақтары” атты Мемлекет басшысының қатысуымен ресми түрде Жастар жылының ашылу салтанаты өтті.Қоғамның әр саласында жемісті еңбек етіп, табысқа жеткен жастар Елбасы мен елі алдында өздерінің жетістіктері, ұсыныстары мен ізгі ниеттерін білдірген бұл жиынды “Семей көп салалы колледжі” мекемесінің студенттері мен ұстаздары тікелей эфирьде тамашалады. Жастардың белсенді өмірімен танысқан Елбасымыз, тәуелсіз Қазақстан тариxындағы ең басты жетістік- жастар екенін айтып, жас буынға үлкен үміт артып отыр. Қазіргі уақытта жастардың өздеріне лайықты кәсіппен айналысулары, біліміне сәйкес, жақсы маман атанулары Елбасының қолдауымен жарық көріп жатқан мемлекеттік бағдарламалар негізінде іске асып жатыр. Сондықтан да Елбасының қашанда жас буынның жағдайын жақсарту, олардың қоғамда өз орындарын табуына қолдау көрсетуі асқан бір көрегендіктің белгісі.
Ел ертеңі саналатын жастардың әрқашанда Елбасының салиқалы саясатын қолдап, Нұрлы болашақ жолында білімді серік еткен Ел Жастары Елбасын қолдайды.